Гранттарға өтінім қабылдау басталды
Құрметті ата-аналар! «MIRAS» халықаралық мектебі 2026–2027 оқу жылы үшін 10–11 сыныптарға және IB Дипломдық бағдарламасына білім беру грантын алу бойынша жыл сайынғы байқауға өтінім қабылдауды бастады.
Құрметті ата-аналар!
«MIRAS» халықаралық мектебі 2026–2027 оқу жылы үшін 10–11 сыныптарға және IB Дипломдық бағдарламасына білім беру грантын алу бойынша жыл сайынғы байқауға өтінім қабылдауды бастады.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік мектептердің жоғары нәтижелі оқушыларын анықтап, халықаралық білім алуға ынталы оқушыларды анықтау және қолдау.
Байқауға қатыса алатын оқушылар:
- 9 немесе 10 сыныпты бітірген;
- барлық пәндер бойынша бағалары «жақсы» және «өте жақсы» деңгейінде;
- тестілеу пәндері бойынша (математика, орыс тілі, ағылшын тілі) бағалары «өте жақсы»;
- Қазақстан Республикасының азаматтығы бар және орта білім беру ұйымында оқитын.
Байқауға іріктеудің өткізілу күндері:
- Құжаттарды қабылдау-2026 жылдың 18 ақпаннан 10 сәуірге дейін;
- Келесі кезеңге үміткерлерді іріктеу-2026 жылдың 13 сәуірден 24 сәуірге дейін;
- Пәндер бойынша тестілеу-2026 жылдың 24 сәуірден 23 мамырға дейін;
- Тестілеу нәтижелерін қорытындылау-2026жылдың 25 мамырдан 29 мамырға дейін;
- Нәтижелерді жариялау-2026 жылдың 1 маусымнан 12 маусымға дейін.
Гранттар оқу ақысының 100% немесе 50%-ын құрайды.
Гранттар әр семестр сайын расталады.
10 немесе 11 сыныпқа түсу үшін келесі пәндер бойынша тестілеуден өту қажет
- Шет тілі (ағылшын тілі);
- Математика (орыс тілінде);
- Орыс тілі (эссе жазу).
IB дипломдық бағдарламасына түсу үшін
(оқу тілі – ағылшын тілі) келесі пәндер бойынша тестілеуден өту қажет:
- Ағылшын тілі;
- Математика (ағылшын тілінде).
Грантқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
Мектеп директорына жазылған жазбаша өтініш, ата-ананың (заңды өкілдің) қолымен қабылдау кеңсесіне тапсырылуы қажет, немесе скан-көшірмесін келесі поштаға жіберу: grant@miras-astana.kz
Баланың алдыңғы оқу жылындағы жетістіктерін растайтын құжаттар: үлгеру табелі, сертификаттар, мадақтамалар.
(PDF форматында келесі поштаға жіберу: grant@miras-astana.kz)
10 сынып:
- Шет тілі (ағылшын тілі)
- Шет тілі (ағылшын тілі) — спецификация;
- Математика (орыс тілінде)
- Математика (орыс тілінде) — спецификация;
- Орыс тілі (эссе жазу)
- Орыс тілі (эссе жазу) — спецификация.
11 сынып:
- Шет тілі (ағылшын тілі)
- Шет тілі (ағылшын тілі) — спецификация;
- Математика (орыс тілінде)
- Математика (орыс тілінде) — спецификация;
- Орыс тілі (эссе жазу)
- Орыс тілі (эссе жазу) — спецификация.
IB Дипломдық бағдарламасы: