Мектептің сипаттамасы
«Мирас» халықаралық мектебі — көптілді білім беру ортасында жаһандық мүмкіндіктер мен қазақстандық құндылықтарды ұштастыра отырып, академиялық және тұлғалық дамуда жоғары нәтижелерге жетуге бағытталған білім беру қауымдастығы.

Мектептің миссиясы
Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі қазақстандық және халықаралық білім беру стандарттарын кіріктіру негізінде сапалы білім беруге бағытталған. Мектеп оқушылардың халықаралық ойлау қабілетін қалыптастыруға, жан-жақты дамуына және ынталандырушы әрі қолдаушы ортада өзін-өзі үздіксіз дамыту дағдыларын меңгеруіне жағдай жасайды.
Мектептің философиясы
• Біз әрбір баланың қауіпсіздікке, қамқорлыққа және эмоционалдық, интеллектуалдық, физикалық әрі әлеуметтік тұрғыдан қолдаушы ортаға лайық екеніне сенеміз.
• Біз оқушыға бағытталған оқыту тәсілін ұстанамыз және заманауи инновациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білім алуына, дағдыларын дамытуына және өз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасауға ұмтыламыз.
• Біз жаһандық ойлау мен мәдениетаралық сананы дамыта отырып, оқушыларымызды өз елінің және әлемдік қоғамдастықтың белсенді әрі жауапты азаматтары болуға тәрбиелейміз.
• Біз оқушыларды ынталы болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, жаңашылдыққа және өз бетінше шешім қабылдай білуге баулимыз.
• Біз мектеп қауымдастығында ағылшын тілін негізгі қарым-қатынас тілі ретінде қолдана отырып, көптілділікті құрметтейміз.
• Біз Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қағидаларын құрметтейміз және кез келген кемсітушілікке жол бермейміз.
• Біз өзара сыйластыққа, төзімділікке және мәселелерді сындарлы түрде шеше білуге тәрбиелейміз, сондай-ақ қоғамдастық мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы қамқор орта қалыптастырамыз.
• Біз білім беру саласында жаңашылдықты дамыта отырып, үздік нәтижелерге ұмтыламыз.
Top of Form
Bottom of Form