Жан DoStar
Құрметті достар! Керемет жаңалықты жеткізуге асықпыз! 9 желтоқсанда Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен MIRAS халықаралық мектебінде V мерейтойлық «Жан DoStar» республикалық өнер фестивалі өтеді.
Құрметті достар!
Керемет жаңалықты жеткізуге асықпыз!
9 желтоқсанда Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен MIRAS халықаралық мектебінде V мерейтойлық «Жан DoStar» республикалық өнер фестивалі өтеді. Байқау Тәуелсіздік күніне арналып ұйымдастырылады.
Фестиваль қоғамдық келісімді, ұлттардың бірлігін, ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту және Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің дәстүрін сақтау мақсатында өткізіледі.
Байқауға қатысу үшін өтінімдерін festivali.kz порталында қалдыруға болады.
