Француз мектебі
2011 жылдың қыркүйегінде Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінде NNEF білім беру қоры мен Француз зайырлы миссиясы (MLF) арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес француз бөлімі ашылды.

2016 жылдан бастап француз бөлімінің бастауыш мектебі Франция Республикасының Білім министрлігімен аккредиттелген.
2019 жылдың маусым айында француз бөлімі қайта аталып, ресми түрде «Шарль де Голль – Мирас» Француз халықаралық мектебі (École française internationale Charles de Gaulle – Miras) атауын алды.
Бұл Қазақстандағы оқыту француз тілінде жүргізілетін жалғыз мектеп.
Француз мектебіне қабылдау француз тілінде сөйлейтін және француз білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес бағдарлама бойынша оқығысы келетін қазақстандық және шетелдік оқушылар үшін ашық.